Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер
Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер» туралы тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 30.07.2025, 09:00
- 30.07.2025, 18:00
НҰРТАЗАҰЛЫ ТАЛҒАТ 30.07.2025, 15:27, Сұрақ нөмірі: 13626
Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы, бүгінде Сыр медицинасының даму қарқыны қандай?
Қызылорда облысы 30.July.2025, 15:53
Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық аудандарда 28 медициналық нысан салынып, өңірімізде 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы тәулігіне 10 мың литр қанды донациялайтын қан орталығы, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында дәрігерлік амбулаториясымен қоса ауылдық аурухана, Арал ауданы Сексеуіл кентінде ауылдық аурухана пайдалануға берілді.Одан бөлек, көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа магнитті резонансты томография аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім және Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» балалар оңалту орталығы ашылды. Соңғы үш жылда 24 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткізілсе, денсаулық сақтау мекемелеріне 15 млрд. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып, барлық аудандар аса қымбат МРТ, КТ және ангиограф аппараттарымен қамтамасыз етілді.