Значимые достижения в сфере здравоохранения

Интернет-конференция на тему «Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер Открытых данных»»с участием акима Кызылординской области Н.М.Налибаева

  • Вопросы: 5
  • Ответы: 5
  • 30.07.2025, 09:00
  • 30.07.2025, 18:00

Есетова Дана 30.07.2025, 15:27, Номер вопроса: 13627

  • 0

Облыс халқы жедел-жәрдем көлігімен қаншалықты қамтылған?

Кызылординская область 30.July.2025, 15:53

Қазіргі таңда облыстық жедел жәрдем стансасында 120 жедел жәрдем көлігі тәулік бойы халыққа медициналық көмек көрсетуде. Бұл көліктер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған, кез келген шұғыл жағдайда жедел әрекет етуге дайын. Соңғы екі жылда облыстың денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 225 жаңа санитарлық автокөлік сатып алынды. Бұл көліктер барлық аудандар мен ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау мекемелеріне үлестіріліп, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі артты. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстар мен сұраныстарға сәйкес, қосымша 70 жедел жәрдем көлігі алынып, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының автопаркі 100 пайыз жаңартылды.