Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер

Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер» туралы тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.07.2025, 09:00
  • 30.07.2025, 18:00

Мамакова Баянсұлу 30.07.2025, 15:28, Сұрақ нөмірі: 13628

  • 0

Сыр өңірінде медицина саласының кадр тапшылығы мәселесін жоюда қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 30.July.2025, 15:53

2024 жылы 57 жас маман жұмысқа орналасып, олардың басым көпшілігі елді-мекендерге жолданды. Жалпы 2016 жылдан бастап өңірге аса қажетті медицина мамандарын даярлауға басымдық берілуде. Бүгінге дейін жалпы медицина бойынша сұранысқа ие мамандықтарға 177 облыс әкімінің гранты бөлінді. 2024 жылы облыстық бюджет есебінен 590 дәрігер және 738 орта буынды медицина қызметкерлері білімдерін жетілдірді. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін шетелде арттыруға да мән беріліп, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен 80,0 млн.теңге бөлінді.