Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер

Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер» туралы тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 30.07.2025, 09:00
  • 30.07.2025, 18:00

Қалекеев Рахымжан 30.07.2025, 15:29, Сұрақ нөмірі: 13629

  • 0

Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту емін жетілдіру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 30.July.2025, 15:55

«Қамқорлық» корпоративті қорымен қаржыландырылатын мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының санын көбейту шеңберінде Қызылорда облысында көпбейінді облыстық балалар ауруханасы базасында балаларға арналған оңалту орталығы 2022 жылы қаңтар айында ашылып, жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданындағы бұрынғы аурухана ғимаратын «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 378,2 млн. теңге қаржы бөлініп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс жасауда. Дәл осындай Арал, Қазалы аудандарының балаларына арналған «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу мақсатында Арал ауданында ескі ғимаратты реконструкциялап, ағымдағы жылдың тамыз айына ашылуы жоспарлануда.