Мемлекетті қызмет саласындағы жаңашылдықтар «Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар «Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы» мәселелеріне қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 30.07.2025, 09:00
- 30.07.2025, 17:00
Керимкулова Бибигуль 30.07.2025, 16:49, Сұрақ нөмірі: 13634
Қайырлы кеш! Дамыту концепциясында Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мәселесі туралы айтылған сол туралы түсіндірсеңіздер?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.July.2025, 17:34
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы 5.2.6 бөлімінде Еңбекақы төлеу жүйесі алған дағдылары мен білімдері үшін әділ сыйақыны қамтамасыз ететін деңгейлес мансаптық өсумен үйлестіріледі. Мемлекеттік органдағы рөліне қарай қызметшілердің жалақысын шектейтін лауазымдарды функционалдық блоктарға бөлуден бас тарту қызметшілердің мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге жалпы тартылуын қамтамасыз етеді. Жоғары тұрған позициядағы бос орынға қарамастан еңбекақы төлеуді арттыру перспективалары, ал атқаратын лауазымында сыныпты кезең-кезеңмен арттыру есебінен мемлекеттік қызметтегі институционалдық жадының сабақтастығын, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл оқу орындары түлектерінің, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін және жұмыс өтілі жоқ жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Заңнамада тиісті норманың болуын ескере отырып, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын индекстеу тетігін әзірлеу ұсынылады. Тоқсан сайынғы сыйақының пайдасына бонустардан бас тарту мәселесі де қарастырылады. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақысын белгілеуге құқық беретін еңбек өтілін есептеу тәсілдері құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілін айқындау тәртібімен, оның ішінде білім беру ұйымдарында нақты мемлекеттік лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес мамандықтар бойынша оқу кезеңі ескеріле отырып, біріздендіріледі. Бұл ретте, азаматтардың мемлекеттік аппарат қызметін әділ бағалауын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеудің ауыспалы бөлігі, оның ішінде қоғамдық маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауға байланысты болуға тиіс. Тұжарымдама негізінде дамытудың, көтермелеудің, дамыту жолдары айқын көрсетілген, қазіргі уақытта бәсекеге қабілетті өсуді қамтамасыз етуге жұмыс жасалуда.