«Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері»

Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Е. Жолданғар интернет-конференция барысында жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 07.08.2025, 10:00
  • 07.08.2025, 17:00

Амирзина Альбина 07.08.2025, 10:43, Сұрақ нөмірі: 13643

  • 0

Сәлеметсіз бе! Қазіргі кезде жеке секторда жұмыс атқарамын, бірақ мемлекеттік қызметке қызығушылығым бар, айтып жібересіз бе, мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурстар қандай тәртіппен өткізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.August.2025, 10:46

Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу конкурс арқылы жүзеге асырылады. Конкурсты өткізу тәртібі меритократия, ашықтық және тең қолжетімділік қағидаттарына негізделеді. Сонымен қатар, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан көре аласыз.