Мемлекеттік қызметке түсу

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсуге қатысты өз сұрақтарын қоя алады

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 07.08.2025, 10:00
  • 07.08.2025, 17:00

Олжабаев Нұркелді 07.08.2025, 11:26, Сұрақ нөмірі: 13644

  • 0

Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналаса алады ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.August.2025, 14:55

Саламатсыз ба, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына: 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады. Бұл ретте, GPA 3,33 мәнінен төмен емес болу қажет.