«Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері»
Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Е. Жолданғар интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 07.08.2025, 10:00
- 07.08.2025, 17:00
Назаралы Мардан 07.08.2025, 15:54, Сұрақ нөмірі: 13646
Қайырлы күн! Мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаймын, конкурстарға қатысқым келеді, түсіндіріп жібересіз бе ішкі конкурс пен жалпы конкурс арасындағы айырмашылық қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 07.August.2025, 16:01
Қайырлы күн! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 28, 29 баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, жалпы конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі. Жалпы конкурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, төменгіні қоспағанда, орналасу үшін мемлекеттік орган ішкі конкурс өткізеді, оған осы мемлекеттік органның, оның ведомстволарының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ жоғарыда айтылған заңнамада және Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайтын заңда айқындалған өзге адамдар да қатысуға құқылы.