«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы»
«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А. Искендиров жауап береді.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 13.08.2025, 09:00
- 15.08.2025, 18:00
Әшім Балжан 13.08.2025, Сұрақ нөмірі: 13655
Мемлекеттік қызметші де адам. Кейде әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшінің тойда жүргені, өзге де әрекеттері «ерекше құбылыс» ретінде тарап жатады. Бұл жайлы не айтасыз, жалпы мемлекеттік қызметшінің имиджі жайлы айтып өтсеңіз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.August.2025, 16:38
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіреді. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.