«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Ш.Ә.Әлімхан жауап беретін болады
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 15.08.2025, 09:00
- 15.08.2025, 18:00
Бастарханов Рахат 15.08.2025, 17:10, Сұрақ нөмірі: 13666
Қызмет көрсетуші мерзімді бұзса, не істеу керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.August.2025, 17:23
Қайырлы кеш! Қызмет көрсетушіден мерзім бұзушылық фактілері анықталса, ҚР Мемлекетік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне шағымдануыңызға болады. Шағымды қарау мерзімі 15 күнді құрайды. Егер арыз барысында анықталған бұзушылықтарға байланысты фактілер анықталса тексеру жүргізіледі.