«Қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері»

Пайдаланушылар тұрғын үй құрылысына және қолжетімді тұрғын үйге қатысты келесі мәселелер бойынша сұрақтарын жолдай алады: – Жинақтаушы тұрғын үй жүйесі; – Ипотекалық несиелеу; – Тұрғын үйді жалға беру; – Мемлекеттік субсидиялау; – Барлық сұрақтар Холдингтің тұрғын үй блогына қатысты.

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 19.08.2025, 15:00
  • 19.08.2025, 18:00

Мусабаев Эльдар 19.08.2025, 17:48, Сұрақ нөмірі: 13675

  • 0

1. Отбасы банкке кредиттік өтінімді беру үшін міндетті түрде 50% болу керек пе? 2. Менде Отбасы банкінде бірнеше жинақ депозиті бар, мемлекеттік сыйлықақы барлығына түседі ме? 3. Баспа алу үшін кредиттік өтінімді беру үшін қандай құжаттар қажет?

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 19.August.2025, 17:52

Құрметті Эльдар! Сұрақтарыңызға рақмет. 1. Нарықта тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй құнының 50%, яғни жартысын жинау міндетті. Егер Сіз тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын болсаңыз алғашқы жарна мөлшері 10%-дан басталады. Толығырақ мына сілтеме (https://hcsbk.kz/affordable-housing/all-about-affordable-housing-programs/) арқылы таныса аласыз. 2. Салымшының бірнеше жинақ шоты бар болған жағдайда, мемлекеттік сыйлықақы тек бір жинақ ақша шотына ғана түседі. Бұл шотты салымшы өтініш жазу негізінде өзі таңдайды. 3. Кредиттік өтінімді беру үшін қажетті құжаттар тізімін hcsbk.kz Банктің сайтында «Құжаттар» бөлімінде алуға болады. Алдын ала квалификациядан өту кезінде тек қана жеке куәлік, неке қию туралы куәлік пен баланың туу туралы куәлігі қажет (бар болса). Алдын ала квалификацияны Банк бөлімшелерінде, сондай-ақ кеңесшілерде өтуге болады. Кеңесшілер тізімін мына сілтемеге (https://hcsbk.kz/network-agents/) өтіп, алуға болады.