Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бойынша сұрақтар қоя алады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.08.2025, 10:00
- 21.08.2025, 18:00
Битемиров Бахыткерей 21.08.2025, 15:31, Сұрақ нөмірі: 13678
Құмар ойынға бәс тіккен мемлекеттік қызметшіге қандай шаралар қабылданады
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.August.2025, 16:02
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерінің 12-бабының 1-тармағы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салуды көздейтін 6-тармақшамен толықтырылды. Осы орайда, құмар ойынға бәс тіккен мемлекеттік қызметші анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 61-бабы 1-тармағының 8) тармақшысына сай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамағаны үшін Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына негіз болып табылатыны айқындалған, яғни мемлекеттік қызметтен босатылады.