Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 22.08.2025, 10:00
- 22.08.2025, 17:00
Мырзамсеитов Омирхан 22.08.2025, Сұрақ нөмірі: 13681
Сәлеметсіз бе, мен мемлекеттік қызметке кіруді жоспарлап отырмын, сынақ мерзімі қарастырылған ба? Егер қарастырылған болса, сынақ мерзімінің кезеңі қанша?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.08.2025
Cәлеметсіз бе. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді. Сынақ мерзімі-3 айды құрайды.