Мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет бағыты бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 22.08.2025, 10:00
  • 22.08.2025, 17:00

Әбікен Айбар 22.08.2025, Сұрақ нөмірі: 13682

  • 0

Қайырлы күн. Университетті бітіргеннен кейін Мемлекеттік қызметке кіруді жоспарлап отырмын, қандай артықшылықтар бар?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.August.2025, 13:07

Қайырлы күн, сұрағыңызға рахмет, иә ағымдағы жылы Мемлекеттік қызметке кіру кезінде ЖОО түлектері үшін жаңа тәсілдер әзірленді, яғни мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша үздік түлектер облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қала әкімі мен мәслихаты аппараттарының (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) төменгі лауазымдарына конкурстық іріктеусіз жұмысқа орналастырылуы қарастырылған. Сіз, аталған сұрақтар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департментіне жолығуыңызға болады. Біздің мекен-жай Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1, облыс әкімдігі ғимаратының 7 қабаты, 715 кабинет.