«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 25.08.2025, 09:00
  • 25.08.2025, 18:00

Кожаев Алишер 25.08.2025, 10:58, Сұрақ нөмірі: 13683

  • 0

Саламатсыздарма! Облыс әкімінің грантына кімдер үміткер бола алады?

Қызылорда облысы 25.08.2025

Қайырлы күн! Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен бекітілген қағидаларға сәйкес, өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алатын халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарынан шыққан студенттерге (жетім балалар, асыраушысынан айырылған, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек, көп балалы, аз қамтылған, қандастар отбасыларынан шыққан балалар) бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметінің ақысын төлеуге әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Әлеуметтік көмек аудан, қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссиялардың шешімдерімен облыс әкімінің гранты тағайындалған студенттерге ғана төленеді.