«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 25.08.2025, 09:00
  • 25.08.2025, 18:00

Жумабекова Айгерим 25.08.2025, 11:01, Сұрақ нөмірі: 13684

  • 0

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тиесілі? Қалай есептеледі және АӘК қосымша басқа қандай төлем қарасытырылған?

Қызылорда облысы 25.08.2025

Қайырлы күн! Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. Есептеу қағидасы: Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшерін негізге ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді. 2025 жылдың ІІ-тоқсанындағы күнкөрістің ең төменгі денгейінің шамасы Қызылорда облысы бойынша 49 744 теңгені құрады. 2025 жылғы ІІІ -тоқсанға кедейлік шегінің мөлшері 34 821 теңге. Отбасының табысы 34 821 теңгеден аспаған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола алады. Сонымен қатар, АӘК алушылар қатарындағы бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қосымша төлем қарастырылған 1,5 айлық есептік көрсеткіш (5 538тг.) мөлшерінде төленеді.