«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 25.08.2025, 09:00
  • 25.08.2025, 18:00

Абуова Жадра 25.08.2025, 11:15, Сұрақ нөмірі: 13685

  • 0

Бірінші топтағы мүгедектерге санаториге еріп барған уақытта жеке көмекшінің 14 күні толық төленема

Қызылорда облысы 25.08.2025

Қайырлы күн! Санаторий-курорттық емделу қызметіне оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен жылына бір рет ілесіп жүрушінің шығындары 1 адамға 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелуде (60 АЕК – 3932*60=235920 теңге). Жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам. Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларының (30.06.2023 ж. №288 бұйрығы)28-тармағына сәйкес жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз ету стационарлық емделу және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болуы кезеңіне тоқтатыла тұрады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болу жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі. Медициналық оңалту көрсету қағидаларына (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен бекітілген) сәйкес медициналық оңалту санаторийлік-курорттық ұйымдарда да көрсетіледі. Медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды. Үшінші кезеңдегі медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда,санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы жүргізіледі. Осыған орай, жеке көмекші қызметтерін көрсету мүгедектігі бар адамның стационарлық емдеуде болуы кезеңінде, тәулік бойы стационарда медициналық ұйымдарда, оңалту орталықтарында және санаторий-курорттық ұйымдарда болу уақытында тоқтатылады. Анықтама: Еңбек министрлігінің 24.09.2024 жылғы №01-4-05/5432-И хатымен түсіндірме берілген.