«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 25.08.2025, 09:00
  • 25.08.2025, 18:00

Айтуреев Мурат 25.08.2025, 11:17, Сұрақ нөмірі: 13686

  • 0

Қызылорда облысында мүгедектерді қандай қолдау шаралары бар?

Қызылорда облысы 25.08.2025

Аймағымызда 34 мыңнан астам(34 768) мүгедектігі бар азамат тіркелсе, оның 6973-і 18 жасқа дейінгі балалар(облыстағы халық санының 3,9 пайызын құрайды). Биылғы жылы мүгедектігі бар азаматтарды оңалтуға бюджеттен 8,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Облыста инватакси қызметін көрсететін автокөлік саны 45-тен 67-ге көбейтілді. 2025 жылға 67 автокөліктің (аудандарда - 38, Байқоңыр қаласында - 3, Қызылорда қаласында – 26) қызметіне 268,9 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы «Халық банк» акционерлік қоғамы тарапынан банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» науқаны аясында Қызылорда және Байқоңыр қалаларына мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқайсысының құны 23,0 млн теңге тұратын арнайы 2 - инватакси көлігі сыйға тартылды. Сонымен қатар, санаторий-курорттық емделу қызметін алатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет ілесіп жүрушінің шығындары 1 адамға 40 тан 60 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылып, өтелуде (60 АЕК – 3932*60=235 920 теңге). 2024 жылдан бастап алғаш рет облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар ересектер мен балаларға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш (мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күніне орай төленуде. Қызылорда облысында 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы базасында іске қосылған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жұмыс жасауда. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан2024 жылы 229,3 млн. теңгеге 83 дана оңалту құралдары, 2025 жылы 53,7 млн. теңгеге 12 дана тренажерлар жеткізілді.