«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы»

«Тұрмысы төмен азаматтар мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 25.08.2025, 09:00
  • 25.08.2025, 18:00

Сапарова Назерке 25.08.2025, 11:47, Сұрақ нөмірі: 13687

  • 0

Қайырлы күн! Облыс көлемінде Отбасын қолдау орталықтары қашан ашылды және жалпы орталықтардың қызметтері қандай?

Қызылорда облысы 25.08.2025

Қазақстан Республикасы Президентінің 06.12.2016 жылғы № 384 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес 2022-2025 жылдар аралығында әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша баспана ұсыну орталықтарын құру тапсырмасы бойынша 2023 жылы Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудандарда ашылып, өз қызметін көрсетуде. Орталықтың мақсаты отбасыларға заңгерлік және психологиялық көмек көрсетуден бастап кәсіпкерлік негіздерге оқыту, бизнес-жоспар құруға, грант немесе шағын несие алуға, сондай-ақ жұмысқа орналасуды кезең-кезеңімен жүргізеді. Орталықтармен жыл басынан бері 5 247 адамға түрлі бағыттағы қолдаулар көрсетілді.