Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 10.09.2025, 10:00
  • 10.09.2025, 18:00

Байдалина Айзат 10.09.2025, 10:51, Сұрақ нөмірі: 13698

  • 0

салеметсізбе! Мен қала тұрғынымын, Жастар спорт сарайының шатырында бұрын жанып тұрған түрлі түсті шамдар бүгінгі күні неге жанбай тұр? Түнгі уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше көңіл күй сыйлайтын еді, қала әкімдігіне сұрақ қойып едім, спорт басқармасына қатысты деді. Алдағы уақытта ол үшін қаражат бөлу қарастырылған ба!?

Жетісу облысы 10.September.2025, 11:56

Құрметті Байдалина Айзат! «Жастар» спорт сарайы ғимаратындағы жарықтандыру жүйелері алғаш рет 2016 жылы орнатылған. Бүгінгі таңда бұл жүйе толықтай істен шыққан және техникалық жағдайына байланысты оны жөндеу мүмкін емес. Мамандардың қорытындысы бойынша, жарықтандыруды қалпына келтіру үшін барлық жүйені толықтай жаңадан орнату қажет, бұл өз кезегінде айтарлықтай көлемде қаржыны қажет етеді. Сонымен қатар, қазіргі кезде бұл жұмыс түрін атқара алатын білікті мамандардың тапшылығы да бар. Аталған мәселе Дене шынықтыру және спорт басқармасының бақылауында. Жүйені жаңғырту бойынша қажетті қаражатты бөлу мәселесі алдағы уақытта бюджет қарастыру кезінде қаралатын болады.