Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 10.09.2025, 10:00
- 10.09.2025, 18:00
Рахымбай Нұржан 10.09.2025, Сұрақ нөмірі: 13699
Бүгінгі таңда спорт басқармасы қандай Мемлекеттік қызметтер көрсетеді?
Жетісу облысы 10.09.2025
Дене шынықтыру және спорт басқармасы 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді: 1) Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттациясынан өткізу; 2) Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы, біліктiлiгi жоғары және деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру; 3) спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру; 4) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне Тұрғын Үй беру мәселесін қарастырады. Мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.