Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 10.09.2025, 10:00
- 10.09.2025, 18:00
Игенбаева Шолпан 10.09.2025, 16:18, Сұрақ нөмірі: 13700
Балалар және жасөспірімдер спортына қандай көңіл бөлінуде?
Жетісу облысы 10.September.2025, 16:31
Облыс көлемінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстың аудандары мен қалаларындағы 23 спорт мектебінде 61 спорт түрі бойынша 23 009 спортшы тұрақты түрде жаттығуда. Сонымен қатар, мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде 6 590 бала спорт секцияларында тегін шұғылданады. 2025 жылы облыс аумағында балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен 3069 спорттық іс-шара өткізіліп, жалпы саны 65 421 бала мен жасөспірім қамтылды. Бұл көрсеткіш жастар арасындағы спорттық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді.