Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.09.2025, 11:00
- 12.09.2025, 17:00
Абдрахманова Шахризат 12.09.2025, 15:39, Сұрақ нөмірі: 13701
Емханаға тіркелу үшін жіберген өтінішім неше күнде қаралады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.September.2025, 15:47
Сәлеметсіз бе! Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына қосымшаның 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі пациент медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ электронды үкімет порталы арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.