Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.09.2025, 11:00
- 12.09.2025, 17:00
Мырзамсеитов Омирхан 12.09.2025, 15:49, Сұрақ нөмірі: 13702
Қайырлы күн! Баламды басқа мектепке ауыстыру үшін қандай құжаттар қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 12.September.2025, 16:47
Сәлеметсіз бе! Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп- интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Үлгілік қағидаларына 2-қосымшасының 8-тармағына сәйкес, - портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші. - көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде): 1. көрсетілетін қызметті алушының Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасының нысанына сәйкес өтініші; 2. 263 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес, білім беру ұйымына ұсынылуы тиіс білім алушыны келген білім алушыны есепке алу талоны ұсынылады.