Мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызмет өткеру бағытына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 17.09.2025, 10:00
- 17.09.2025, 18:00
Құдайберген Айкерім 17.09.2025, 17:21, Сұрақ нөмірі: 13705
Қайырлы күн. Университетті грантпен оқып үздік аяқтаған жастарға мемлекеттік қызметте қандай артықшылықтар бар?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 17.September.2025, 17:24
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет. Жалпы, мемлекеттік қызмет дарынды жастар үшін әрдайым ашық. бүгінде мемлекеттік аппарат жұмысына білімді де, білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде. Сонымен қатар, жастарды мемлекеттік қызметке тарту және оларды жоғарылату бойынша түрлі жобалар және Заңнамаларға өзгерістер енгізілуде. Солардың бірі, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылдың 30 желтоқсан), мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады. Аталған өзгерістер арқылы білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.