Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 22.09.2025, 10:00
- 22.09.2025, 17:00
Кәрібаев Арман 22.09.2025, 10:32, Сұрақ нөмірі: 13710
Сәлеметсізбе, ауыл жерлерінен жер учаскесін алғым келеді. Қандай құжаттар қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 22.September.2025, 10:53
Қайырлы күн! "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: бірінші кезең: 1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін: 1) "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) жер учаскесінің орналасу схемасы. 2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің инвестициялық жобаны айқындау туралы шешімі. 3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 71-бабына сәйкес бұрын құрылыс мақсаттары үшін іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат. 4. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану. 6. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары). 7. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 8. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 9. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану. Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.