«Өңірдегі дене шынықтыру, спорт және туризм саласының даму динамикасы»

«Денсаулық сақтау саласындағы айтулы жетiстiктер» туралы тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 25.09.2025, 09:00
  • 25.09.2025, 18:00

Нашимхан Күмісай 25.09.2025, 16:47, Сұрақ нөмірі: 13713

  • 0

Қайырлы күн! Бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын көбейтуге жағдай жасау мақсатында облыста спорт нысандарына деген қолжетімділікті арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Қызылорда облысы 25.September.2025, 16:49

Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет! Өңірде тұрғындардың тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына жағдай жасау мақсатында аймақта бұқаралық спорттық инфрақұрылымды нығайтуды негізге алуымыз керек. Біз мықты ұлттың негізі бұқаралық спорт екендігін түсінуіміз қажет. Бұқаралық спортқа жол, бұқаралық спорттық іс-шаралар және тұрғындардың таңдаған спорт түрімен шұғылданулары арқылы ашылады. Бүгінде, спорт саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Теннис орталығы» салынып, алдағы уақытта 11 мың орындық стадион, сондай-ақ жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта осы ғимараттарда халықаралық сайыстарды өткізуге қол жеткіземіз. Осылайша, жастардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануларына тең мүмкіндіктер пайда болады. Келешек бұл нысандарда балалар үшін спорттың бірнеше түрі бойынша секциялар жүргізіліп, 1600-ге жуық жасөспірімдердің бір ауысымда спортпен шұғылданулары үшін қолжетімділіктері артады.