Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 30.09.2025, 10:05
  • 30.09.2025, 17:00

Ерлепес Берікбол 30.09.2025, 15:09, Сұрақ нөмірі: 13722

  • 0

Жасына байланысты зейнатақы қызметін көрсету мерзімдері қандай?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.September.2025, 16:22

Жасына байланысты зейнетақы төлемдері 10 жұмыс күні ішінде тағайындалады. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттері. Өтініш берушінің қатысуымен толық рәсімделген жағдайда қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні болып табылады. Егер қызметті алушы қосымша құжаттарды ұсынуы туралы сұрау салуды электрондық іс-әрекетпен қайтарған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 30 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.