Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 30.09.2025, 10:05
  • 30.09.2025, 17:00

Мамыртаева Гулфайруз 30.09.2025, 15:56, Сұрақ нөмірі: 13724

  • 0

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу қай қағидамен бекітілген?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.September.2025, 16:18

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 мамырдағы №125 бұйрығымен бікітілген «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларымен» реттеледі.