Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттары

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 30.09.2025, 10:05
  • 30.09.2025, 17:00

Айтуар Мұрат 30.09.2025, 15:59, Сұрақ нөмірі: 13725

  • 0

"Е-қызмет" жүйесі арқылы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған тестілеуден өтпей қалған жағдайда, қайта тапсыру неше күннен кейін жүзеге асырылады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 30.September.2025, 16:18

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған тестілеу бағдарламасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді жинаған адамдарды қайта тестілеуге жіберуге үш күнтізбелік күн өткен соң жол беріледі.