«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы»
«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 23.10.2025, 09:00
- 23.10.2025, 18:00
Акшалова Акгулим 23.10.2025, 11:16, Сұрақ нөмірі: 13738
Сыр өнерін алыс-жақын шетелдерге таныту бағытында қандай жобалар жүзеге асуда ?



Қызылорда облысы 23.October.2025, 11:50
Қайырлы күн! Президентіміз «Мәдениет ұлттың төл құжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен өнеріміз арқылы танып біледі» деген болатын. Осы тұрғыда қазақ өнерін алыс-жақын шетелдерге насихаттау, таныту мақсатында өңірде жүйелі жұмыстар қолға алынып келеді. Осы жылдың наурыз айында Финлияндия, Эстония, Испания елдеріндегі елшіліктердің қолдауымен Хельсинки, Таллин, Мадрид қалаларында Қызылорда облысының өнер майталмандары Наурыз мерекесін, еліміздің салт-дәстүрлерін халықаралық деңгейде насихаттап, маңызды шараларды өткізді. Қазіргі таңда өңір өнерпаздары Швейцария мемлекетінің Женева, Берн қалаларында шығармашылық сапарда. Олар ұлттық мерекеміз Республика күні орай концерттік бағадарлама ұсынуда. Бұл сапар қос мемлекеттің мәдени-рухани байланыс аясын кеңейтіп, Еуропа төрінде қазақ өнерінің насихатталуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бүгінгі күні Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы Қырғызстанда өтіп жатқан халықаралық фестивальге қатысуда.