«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы»

«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.10.2025, 09:00
  • 23.10.2025, 18:00

Құрманиязов Ыслам 23.10.2025, 11:24, Сұрақ нөмірі: 13739

  • 0

Облыста археологиялық қазба жұмыстары бағытында қандай жобалар қолға алынды, келер жылы бұл жұмыстар жалғасын тауып, ауқымы кеңейе ме?

Қызылорда облысы 23.October.2025, 11:51

Қайырлы күн! Сыр өңірінің тарихын зерделеу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен осы саладағы өзекті деген мәселелер ретімен шешілуде. Облыстық бюджет есебінен жыл сайын тұрақты түрде Бәбіш мола, Жанкент және Сығанақ қалашықтарына кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша бүгінгі күні музей қорлары 10 мыңға жуық экспонатпен толықтырылды. Археологиялық қазба жұмыстары және табылған жәдігерлердің негізінде «Шірік-Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» тарихи реконструкциялары жасалды. Келесі жылыда бұл жұмыстардың ауқымын кеңейтіп, археологиялық Асанас, Қышқала орындарына қазба жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.