«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы»

«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 23.10.2025, 09:00
  • 23.10.2025, 18:00

Бердібек Нұрхат 23.10.2025, 11:38, Сұрақ нөмірі: 13740

  • 0

Сыр елінің рухани мұрасы жыраулық өнер екені баршамызға белгілі. Ұлттық құндылығымызды, оның ішінде жыраулық дәстүрді насихаттау тұрғысында өңірде қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы 23.October.2025, 11:52

Қайырлы күн! Сыр өңірі атадан балаға, ұстаздан шәкіртке жалғасқан, ұлттық өнер жыраулық дәстүр арқылы әлемдік аренада екені анық. Соның бір айғағы, жетінші мәрте түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық өнер фестивалі өтті. Аталған шараға алыс-жақын шетелдерден белгілі ғалымдар мен өнер иелері қатысты. Сонымен бірге, қараша-желтоқсан айларында Сыр шайырлары Қарасақал Ерімбеттің 175 жылдығы мен Сәрсенбай Бөртебайұлының 125 жылдығына арналған республикалық, аймақтық деңгейде жыршы-жыраулардың фестиваль-байқаулары ұйымдастырылады. Сырдың жыраулық өнерінің көрнекті өкілі Айбек Тәңірбергенов биылғы жылы Ақордада бір топ мәдениет қызметкерлерімен бірге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдауында болып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2024 жылы Сыр елінің жыраулық өнер өкілдерінің басын қосатын Жыраулар үйі берілді. Бүгінде бұл өнер ордасы жыршы-жыраулардың жыр кештерін, аудандардағы жыраулық мектептердің концерттерін өткізетін мәдени ортаға айналды.