«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы»
«Мәдениет саласы бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 23.10.2025, 09:00
- 23.10.2025, 18:00
Нұрлыбай Гүлжан 23.10.2025, 11:45, Сұрақ нөмірі: 13741
Мәдениет саласындағы оң серпінді шараларды көріп, қуанып жүрміз. Облыс суретшілеріне де көңіл бөлінсе. Келесі жылы Сыр өңірінен шыққан суретші Сахи Романовтың 100 жылдығы. Келесі жылы аталып өткізілетін іс-шаралар жоспарында бар ма?



Қызылорда облысы 23.October.2025, 11:52
Қайырлы күн! Сұрағыңыз өте орынды. Өзіңіз білесіз, екі жылда бір рет халықаралық суретшілер симпозиумы өткізіліп келеді. Қылқалам иелерін насихаттау, олардың есімдерін ұлықтау шаралары жалғасады.2026 жылға арналған мерейтойлық даталарға суретші Сахи Романовтың 100 жылдығына байланысты республика көлемінде іс-шаралар ұйымдастыру енгізілген. Облыс көлемінде С.Романовтың 100 жылдығына орай республикалық суретшілер симпоизумын өткізу жоспарлануда.