«Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері»
Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Е. Жолданғар интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 23.10.2025, 10:00
- 23.10.2025, 17:00
Арманқызы Дана 23.10.2025, Сұрақ нөмірі: 13742
 Сәлеметсізбе!
Азамат мемлекеттік қызметке е қызмет жүйесі арқылы өтсе, жұмысқа қабылдау,а өтініш жазса (сол портал арқылы), жұмыс беруші мемлекеттік орган неше күнде хабарласуы керек? Әлде үміткер (байқау жеңімпазы) мемлекеттік органға өзі хабарласуы керек пе?
Тағы бір сұрақ, егер байқау жеңімпазы мемлекеттік қызметкер болып табылса, оның қазіргі жұмыс берушісі оны атқарып отырған жұмысынан жібермей, бір ай көлемінде отроботка деуі қаншалықты заңды? Олай жасауына болады ма? Соны түсіндіріп жібересіздер ме?
Рахмет!
                
 
                


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.October.2025, 16:47
Сәлеметсіз бе! Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларының 136-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, егер тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленбесе, жарияланған бос лауазымға конкурс жеңімпазын қабылдайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 56-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол беріледі. Сонымен қатар, жұмыс берушінің жазбаша келісімімен бір айлық мерзім аяқталғанға дейін де еңбек шарты бұзылуы мүмкін. Осылайша, конкурс жеңімпазы өзге мемлекеттік органда жұмыс істеп жүрген жағдайда, қазіргі жұмыс берушісі оны еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық мерзім өткеннен кейін босата алады. Бұл кезең «жұмыспен өтеу» (отработка) ретінде қарастырылады және заңға қайшы емес. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, конкурс өткізген мемлекеттік органның кадр қызметіне хабарласуыңызға болады.