«Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері»

Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Е. Жолданғар интернет-конференция барысында жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 23.10.2025, 10:00
  • 23.10.2025, 17:00

Баяхмет Кәусар 23.10.2025, Сұрақ нөмірі: 13743

  • 0

Мемлекеттік қызметке іріктеу қалай жүргізіледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 23.October.2025, 15:42

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет! Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметке іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. eQyzmet.gov.kz платформасы арқылы үміткер құжаттарын онлайн тапсырады, мемлекеттік тілді және заңнаманы білу бойынша тестілеуден, мәтіндік-сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан, әңгімелесуден өтеді.