Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.10.2025, 10:00
- 28.10.2025, 17:00
Ибраимов Шохзод 28.10.2025, 15:33, Сұрақ нөмірі: 13745
Саламатсыздарма ? Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік қызметін алу үшін қайда жүгінсем болады ?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.October.2025, 16:24
Сәлеметсіз бе! "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру" мемлекеттік қызметін алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстардағы, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық инспекцияларына жүгіну қажеттігін хабарлаймыз