Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 28.10.2025, 10:00
  • 28.10.2025, 17:00

Лұқманов Айбек 28.10.2025, 16:12, Сұрақ нөмірі: 13746

  • 0

Қайырлы күн? Сұрағым мынадай, "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметіне өтініш бердім, енді ол заң бойынша қанша күнде қаралады ?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.October.2025, 16:26

Қайырлы күн! "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметі Қағидаға сәйкес, өтініш тапсырылған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде орындалады.