Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты сұрақтар бойынша

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 28.10.2025, 10:00
  • 28.10.2025, 17:00

Құрмашева Тоғжан 28.10.2025, 16:31, Сұрақ нөмірі: 13748

  • 0

Тұрғын үй көмегін алу үшін қандай құжаттар тапсыру керек

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.October.2025, 16:37

Сәлеметсіз бе, тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 2-қосымшаның 8-тармағына сәйкес, қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі келесідей: Мемлекеттік корпорацияға: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шоты; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот; 2) порталға: мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі; жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі; банктік шотының электрондық көшірмесі; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі; коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.