Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 11.11.2025, 10:00
- 11.11.2025, 17:00
Адамбаев Талгат 11.11.2025, 15:18, Сұрақ нөмірі: 13754
Сәлеметсіздер ме! Мен санаторлық-курорттық жолдама ала алады екенмін. Маған соны алудың жолын айтыңыздаршы



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.November.2025, 15:24
Қайырлы күн! Сіз сәйкес азаматтар тобына жататын жағдайда мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына сәйкес аталған мемлекетті қызметті ала аласыз. Қызмет 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам; 2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (жұмыспен қамту бөлімдері); 3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – проактивті қызмет; 4) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынылады.