Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 12.11.2025, 10:00
- 12.11.2025, 18:00
Арнай Азамат 12.11.2025, 17:18, Сұрақ нөмірі: 13757
Мал суаруға арналған ұңғыманы бұрғылауға субсидия бөлінеді ме және ол үшін қандай құжаттар қажет?



Жетісу облысы 12.November.2025, 17:19
Құрметті Арнай Азамат! «Инфрақұрылым құру жайылымдарды суландыру және мал шаруашылықтарын сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)» № 4 паспорты бойынша инвестициялық субсидиялар алу үшін инвестициялық субсидиялау қағидаларына сәйкес өз қаражатыңыз есебінен Ұңғымаларды немесе құдықтарды бұрғылау қажет. Сондай-ақ жабдықты сатып алыңыз (дизель, бензин сорғысы немесе электр генераторы). Осыдан кейін сіз жоғарыда көрсетілген №4 паспорт бойынша инвестициялық субсидиялауға өтінім беруге құқығыңыз бар. Бұл ретте өтінімге жұмыс шарты, орындалған жұмыстар актісі, төлемді жүзеге асыруды растайтын төлем құжаттары, объектіні пайдалануға беру актісі және ұңғыманың паспорты қоса беріледі. Сондай-ақ өтініш берушіде (инвесторда) 50 шартты бас ірі қара малдың болуы міндетті талап болып табылады. Инвестициялық субсидиялауға өтінім сайтта электрондық түрде жүзеге асырылады Госс.агро жүйесі арқылы жүзеге асады.