«Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері»
Мемлекеттік қызметке іріктеу мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Е. Жолданғар интернет-конференция барысында жауап беретін болады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 14.11.2025, 10:00
- 14.11.2025, 17:00
Баяхмет Кәусар 14.11.2025, 16:24, Сұрақ нөмірі: 13764
Саламатсыз ба! Мемлекеттік қызметтен бос уақытта, яғни сенбі күндері қосымша сабақ беріп, жұмыс істеуіме бола ма?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 14.November.2025, 16:33
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға рұқсат беріледі. Осылайша, Сіз негізгі жұмысыңыздан бос уақытта педагогтiк қызметпен айналысуға құқығыңыз бар.