«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы»

«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығың меңгерушісі Р.Иманкуловтың қатысуымен интернет-конференция жауап береді.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 20.11.2025, 09:00
  • 21.11.2025, 18:00

Акижанова Мадина 20.11.2025, 18:55, Сұрақ нөмірі: 13768

  • 0

Мемлекеттік қызметшілерге қандай әлеуметтік желілерде қандай ақпаратты жариялауға болмайды және бұл қалай реттеледі?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.November.2025, 09:37

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлқын реттейтін жеке нормативті-құқықтық акт көзделмегенін атап өту қажет. Алайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілер өзінің барлық салалардағы мінез-құлқын реттеу кезінде Әдеп кодексі талаптарын басшылыққа алуға міндетті болып табылады.