«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы»

«Мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары және мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығың меңгерушісі Р.Иманкуловтың қатысуымен интернет-конференция жауап береді.

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 20.11.2025, 09:00
  • 21.11.2025, 18:00

Әшім Балжан 20.11.2025, 19:03, Сұрақ нөмірі: 13769

  • 0

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерін кім бақылайды және бақылау жүргізудің жиілігі қандай?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.November.2025, 09:36

Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметке қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілердегі сыни сипаттағы мақалаларға қатысты күн сайынғы мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында мемлекеттік қызметке қатысты сыни мақалалар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға шара қабылдау үшін хат жолданады.