Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзіміне қатысты мәселелер бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу тәртібі мен мерзіміне қатысты мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 21.11.2025, 10:00
- 21.11.2025, 18:00
Құдайберген Айкерім 21.11.2025, 15:27, Сұрақ нөмірі: 13777
Қайырлы күн, бағалаудың мақсаты неде? Мемлекеттік қызметшілерге бағалау қажет пе?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 21.November.2025, 15:33
Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік органның тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызметшінің кәсіби деңгейін айқындайтын жүйелі тәсіл болып табылады. Қызметшінің қызметін бағалау нәтижесі бонус төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, еңбек шартын бұзу бойынша шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Біздің өңірімізде де бағалаудың нәтижесінде неғұрлым жоғары лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер бар.