«Жол құрылысы және көлік инфрақұрылымының дамуы»

«Жол құрылысы және көлік инфрақұрылымының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 28.11.2025, 09:00
  • 28.11.2025, 18:00

Досов Еркин 28.11.2025, 10:07, Сұрақ нөмірі: 13782

  • 0

Облысымыздың оңтүстік бағытына жүретін № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағытында қатынайтын пойызда жолаушыларға барлық жағдай жасалған, вагондары жаңа және өте таза, жаз күндері салқындатқышы жұмыс істейді, яғни көңілімізден шығып, халыққа ұнап жатыр. Осы «Қызылорда - Түркістан» пойызы одан әрі жалғасын тауып, халыққа қызмет ететін бола ма?

Қызылорда облысы 28.11.2025

Қайырлы күн! № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан»пойызы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымалы» филиалымен аптасына 5 күн жүргізіле бастады. Вагондары зауыттан 2014 жылы шыққан. Осы пойыз облысымыздың оңтүстік бағыттағы барлық аудан орталығы мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды. Әлеуметтік маңызы бар Қызылорда-Бесарық-Түркістан ауданаралық (облысішілік қалааралық)қатынасы облыстық бюджет есебінен демеу қаржыландырылып келеді. Осы ретте, тасымалдаушы Жолаушы тасымалы» АҚ-ның «Қала маңындағы тасымалы» филиалымен 10 жылға келісім-шартқа отырғандығын ескеретін болсақ, аталған пойыз алдағы уақытта да халыққа қызмет ететін болады.