«Жол құрылысы және көлік инфрақұрылымының дамуы»

«Жол құрылысы және көлік инфрақұрылымының дамуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 28.11.2025, 09:00
  • 28.11.2025, 18:00

Жеткерген Ерқұлан 28.11.2025, 10:12, Сұрақ нөмірі: 13783

  • 0

Мен жеке кәсіпкермін. Бірнеше автобус бар. Енді менің сұрағым, жолаушыларды автобустармен, микроавтобустармен халықаралық қатынаспен тасымалдау бойынша қызметпен айналысу үшін қандай рұқсат алу керек?

Қызылорда облысы 28.11.2025

Қайырлы күн! Жеке және заңды тұлғалар жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен халықаралық қатынаста тұрақты емес тасымалдау бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия алуы қажет. Лицензияға өтініштер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қабылданады www.egov.kz, www.elincense.kz. лицензия беруді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы (Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы)жүзеге асырады