Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 28.11.2025, 09:00
  • 28.11.2025, 18:30

Уалиева Гульмира 28.11.2025, 13:47, Сұрақ нөмірі: 13787

  • 0

Егер мен мемлекеттік қызметте бұрын істеген болсам, және қазір орналассам, тағы сынақ мерзімін белгілей ме?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.November.2025, 13:54

Қайырлы күн! Сынақ мерзімі мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын немесе қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен мемлекеттік лауазымнан босатылғаннан кейін мемлекеттік қызметке қайтадан кірген адамға белгіленеді. Егер Сіз осыған дейін мемлекеттік қызметтен қызметті бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не жағымсыз себептермен шықпаған болсаңыз, онда Сізге мемлекеттік қызметке қайта түскен кезде сынақ мерзімі белгіленбейді.