«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау» туралы

Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Қ.Жолданғар «Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау:тексерулер және жиі кездесетін бұзушылықтар» бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 04.12.2025, 10:00
  • 04.12.2025, 17:00

Туребаева Гулнур 04.12.2025, Сұрақ нөмірі: 13796

  • 0

Астана қаласы бойынша жиі кездесетін мемлекеттік қызметке қатысты құқық бұзушылықтар қандай?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.12.2025

Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! Астана қаласы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтарға көбіне, мемлекеттік қызметті атқару барысында әдеп нормаларының сақталмауы, яғни азаматтарды қабылдау кезінде дөрекіліктің орын алуы, мемлекеттік қызметке орналасу кезінде конкурстық рәсімдердің бұзуылуы, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау кезінде қызметтік тергеп-тексеру қағидалары нормаларының бұзуылуы, мемлекеттік қызметшілерге берілген тәртіптік жауапкершіліктің заңдылығы және заңсыз жұмыстан шығару сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңда көрсетілген басқа да бұзушылықтар жатады.