«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау» туралы
Интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Е.Қ.Жолданғар «Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау:тексерулер және жиі кездесетін бұзушылықтар» бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 04.12.2025, 10:00
- 04.12.2025, 17:00
Есубаева Ботагоз 04.12.2025, Сұрақ нөмірі: 13797
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылаудың негізгі бағыттары қандай?



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.12.2025
Қайырлы күн, сұрағыңызға рақмет! Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылаудың негізгі бағыттарына төмендегі бағыттар жатады: -Мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласы бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жетілдіруге қатысу; -Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметін бақылау және үйлестіру, Әдеп жөніндегі кеңес қызметін қамтамасыз ету; -Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексі бұзылуының алдын алу.